
Күнделікті автокөліктердің қиын жағдайға тап болған жүргізушілеріне уақытылы көрсеткен көмегі үшін тәртіп сақшыларына алғыс сөздер айтылуда.
Полиция департаментінің ресми Instagram парақшасына Шарбақты ауданының тұрғыны хабарлама жолдады. Онда ол Ринат Ханифов пен Ерғанат Жаңғазиновтан тұратын патрульдік полиция экипажына алғысын білдірді. Патрульдік қызметкерлер көліктің бұзылған сәтінде жанында болып, көмек көрсеткен.
- Мен жеке көлігіммен Павлодар қаласынан Ресей Федерациясының Барнаул қаласына жолға шықтым. «Павлодар-Шарбақты-Кулунда» автожолының 84-ші км-де мен көлігімді тайғақ жолда шығардым да, кюветке түсіп қалдым. Бастапқыда қарапайым жағдай сияқты көрінді, бірақ өзім ештеңе істей алмадым. Қарама-қарсы өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатуға тырыстым, бірақ ешкім тоқтаған жоқ. Біршама уақыттан кейін патрульдік көлік келді, қызметкерлер көлікті шығару үшін көмектесті. Олардың көмегі арқасында мен аман-есен үйге жеттім. Оларға үлкен рахмет, отбасылық бақ-береке тілеймін, қызметтерінде табыс тілеймін. Әрдайым осындай мейірімді әрі жауапты болыңыздар. Сіздер бейбіт уақытта біздің тыныштықты қорғайсыздар. Барлық жақсылық сіздерге, – деп жазды Андрей Башко, Барнаул қаласының тұрғыны.
Тәртіп сақшылары патрульдеу кезінде кюветте тұрған көлікті байқап, жағдайды бағалап, жүргізушіге көлікті шығару үшін көмектескендерін хабарлады. Сәтсіз оқиға нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлерінің уақытылы көмегі арқасында мәселе тез шешілді және жүргізуші жолын жалғастыра алды.
Полиция азаматтарға әрдайым көмек көрсетуге дайын екенін еске салып, жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады.