
– «Мал ұрлаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында павлодарлық полицейлер мал және ет өнімдерін тасымалдаған 113 автокөлікті, мал және ет өнімдерін өткізудің 65 орнын, сондай-ақ 157 шаруа қожалығын тексерді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.
Өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шара өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мал шаруашылығы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңнама талаптарының сақталуын нығайтуға ықпал етеді.
Павлодар облысы Полиция департаменті мал иелерін қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады. Ұрлық деректерінің басым бөлігі қараусыз және сәйкестендірілмеген малға қатысты орын алуда.