Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі бақылауда

Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі бақылауда

Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Павлодар облысының полиция қызметкерлері жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын автокәсіпорындарға тексеру жүргізді - Павлодар облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдын Нурумов хабарлады.
Тексеру нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, кейбір көлік құралдарының техникалық жай-күйі белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні, техникалық ақауы бар көліктерді желіге шығару, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе басқару құқығынан айырылған жүргізушіні рөлге отырғызу деректері тіркелді.
Павлодар облысы Полиция департаменті өңірдің жүргізушілері мен автопарк басшыларын жол қозғалысы және жолаушыларды тасымалдау қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Олар өз жолаушыларының және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапты. Автобусқа отырған әрбір азамат өзін толық қауіпсіз сезінуі тиіс, – деп атап өтті ведомство өкілдері.