Камераға түсіріп, хат жіберіп, құқық бұзушыны “жауапқа тарту”

Камераға түсіріп, хат жіберіп, құқық бұзушыны “жауапқа тарту”

Павлодар облысының тұрғындары құқық бұзушылықтар туралы полицияға хабарлауды жиілете бастады. Осы арқылы құқық қорғау органдары ауыр қылмыстардың алдын алу мүмкіндігіне ие болуда.

– Бүгін Омниканалдық «Police 102» мобильді қосымшасына хабарлама келіп түсті: Лермонтов көшесі, 87 үйінің маңында «Haval» маркалы автокөліктің тротуарға қойылғаны, тұрғындарға қолайсыздық туғызғаны туралы. Хабарламаға құқық бұзушылықты көрсететін фотосуреттер де қоса жіберілген, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті.

Көрсетілген аумаққа келген полицейлер, автокөліктің шынында да подъездің жанында тротуарға қойылғанын анықтады. Жол бойымен жүріп, подъезге кіру үшін адамдарға көлікті айналып өтуге тура келген. Үй тұрғындары полицияға бұл подъезде көп қарт адамдар мен кішкентай балалары бар отбасылар тұратынын айтып берді. Арбадағы балалармен автокөлікті айналып өту өте ыңғайсыз. Бұл құқық бұзушылықты жою және азаматты жауапкершілікке тарту үшін тәртіп сақшылары автокөліктің иесін анықтады. Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

Полицияның атап өтуінше, биыл «Police 102» мобильді қосымшасын Павлодардың 222 тұрғыны пайдаланған.