«Мал ұрлаушы» ЖПІШ

«Мал ұрлаушы» ЖПІШ

Өңірде ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлаудың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Мал ұрлаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Аталған кезеңде полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізуде, ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдайтын автокөліктерді тексеруде, сондай-ақ малды заңсыз сою және ет өнімдерін заңсыз өткізуі мүмкін орындарды пысықтауда. Ветеринариялық және ілеспе құжаттардың болуына ерекше назар аударылуда.