
Полиция қызметкерлері балаларды тасымалдайтын көліктерге техникалық тексеру жүргізді. Құқық қорғау органдарының негізгі назары жол қозғалысы ережелерінің сақталуына, мектеп автобустарының техникалық жағдайына, қауіпсіздік құралдарының және алғашқы медициналық көмектің болуына аударылды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында мектептер маңындағы аумақтар мен оқу орындары жанындағы жол белгілері тексерілді. Арнайы назар жаяу жүргіншілер жолындағы таңбалау, ескерту белгілері мен қоршаулардың болуына және жағдайына аударылды.
– Балалардың жолдағы қауіпсіздігі – полицияның басты басымдықтарының бірі. Тексерулер мектеп оқушыларын білім беру ұйымдарына тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Ата-аналар мен педагогтар да балаларға жол қозғалысы ережелерін ескертіп отыруы маңызды. Тек бірлескен күш-жігер арқылы балалардың жарақат алуын азайтып, оларға мектепке қауіпсіз жол қамтамасыз ете аламыз, – деп хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді мектептер мен балалар мекемелеріне жақындағанда ерекше сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және балалардың қауіпсіздігіне қамқор болуға шақырады.