Қарсы бағытқа шығу: 19 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылды

Қарсы бағытқа шығу: 19 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылды

Қарсы қозғалыс жолағына шығу – жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы мүмкін ең өрескел әрі қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. Себебі қарсы жолақта келе жатқан жүргізушілер мұндай қауіпке дайын болмайды.

– Жылдың басынан бері қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 19 жүргізуші жауапкершілікке тартылып, 6 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Жүргізуші куәлігінен айырылу да кейбір азаматтарды тоқтатпай отыр. Олар жол белгілері мен жолдың тұтас сызықтарына қарамастан, қарсы бағытқа шығып, басып озу маневрін жасап, өз өміріне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігіне де қатер төндіреді, – деп хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Барынша мұқият болыңыздар және әрдайым есте сақтаңыздар: қарсы жолаққа шығу немесе оны кесіп өту – өлім қаупімен тең.