
Ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысынан 26 азамат Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға көшкен.
Олардың ішінде 4-еуі кәмелетке толмаған балалар.Кәмелетке толмаған баланың Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының бірінің келісімі болмаған жағдайда, екінші ата-анасымен бірге шетелге тұрақты тұруға шығуына құжаттарды рәсімдеуден бас тартуға негіз болады, – деп мәлімдеді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов.
Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы бұйрығына сәйкес, аталған келісім міндетті түрде нотариалды түрде куәландырылуы тиіс. Ал ата-ананың келісімі болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған баланың елден шығуына сот тәртібімен рұқсат берілуі мүмкін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 20 жұмыс күнін құрайтынын ескере отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға шығуды жоспарлап отырған азаматтарға қажетті құжаттарды алдын ала дайындау ұсынылады, – деп еске салды полиция полковнигі Сартов.