
Өткен тәулікте Павлодар облысы полиция қызметкерлері 876 құқық бұзушылықты анықтады, олардың 485-і қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты.
- Рота мен патрульдік полиция батальонының нарядтары күн сайын қызметке шығып, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Негізгі назар қылмыстың көп тіркелетін аудандарға және азаматтардың көп жиналатын орындарына аударылады. Патрульдік қызмет тәулік бойы жұмыс істеп, тұрғындармен тығыз байланыста болады. Инспекторлар тек жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалап қана қоймай, оқиғаларға бірінші болып жетіп, қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз етеді және қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға көмектеседі, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.
Ведомствода атап өткендей, құқық бұзушылықтар арасында көбінесе тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және жеңіл бұзушылықтар тіркеледі.
Сонымен қатар, ауа райының өзгеруі байланысты, полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, сақ болу және өңірдегі ауа райы жағдайы туралы келетін SMS-хабарламаларға әрдайым назар аудару керектігін ескертеді.
Аймақта құқық бұзушылыққа “нөлдік төзім” принципі жүзеге асырылып отыр, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда, барлық құқық бұзушылар заң бойынша жауапкершілікке тартылады.