
Павлодар облысы Полиция департаментінде нашақорлыққа қарсы алдын алу жөніндегі Кеңестің отырысы өтті. Оны Департаменттің бірінші орынбасары Алмаз Тукенов басқарды.
Отырыста Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің кешенді жоспары бекітілгені айтылды. Жоспарға азаматтық қоғам өкілдерінің ұсыныстары енгізілген. Профилактика шараларын үйлестіруді күшейту мақсатында Республикалық штабтың мәртебесі көтеріліп, ол енді Үкімет деңгейінде Премьер-Министрдің басқаруымен жұмыс істейді. Аймақтарда штабтарды әкімдер басқарады.
Кеңес мүшелері нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстардың өзекті мәселелерін, сондай-ақ жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларын талқылады. Жылдық жұмыс қорытындылары шығарылды.
– Кеңес мүшелерінің белсенді қолдауымен 77 түрлі форматтағы нашақорлыққа қарсы іс-шаралар өткізілді: бейнероликтер, подкасттар, профилактикалық кездесулер, конкурстар мен викториналар ұйымдастырылды. Бұл шаралар жастарға, ата-аналарға және басқа да мақсатты топтарға бағытталды. Кеңес мүшелері жастармен кездесулерге, акцияларға және ақпараттық кампанияларға белсенді қатысты. Арнайы назар аударылғаны – аудандар мен ауылдарда жүргізілген жұмыстар. Кеңестің қызметі Ішкі істер министрлігі тарапынан оң бағасын алды, облыс тәжірибесі тиімділік ретінде танылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бірінші орынбасары Алмаз Тукенов.
Кеңес мүшелері өз ұсыныстарын ортаға салып, алдын алу іс-шараларына әрі қарай қатысуға дайын екендіктерін растады.
Кездесу барысында белсенді мүшелер нашақорлыққа қарсы профилактикаға қосқан үлесі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында антинаркотикалық ой қалыптастыруға арналған «Наркопост» мектеп байқауының жеңімпаз командалары да арнайы атап өтілді.
Қорытынды сөзінде Алмаз Тукенов Кеңес формалды орган болмауы керегін, мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді өзара іс-қимыл алаңы болуға тиіс екенін атап өтті. Нашақорлыққа қарсы профилактика барлық мүдделі тараптардың бірлескен міндеті болуы қажет, ал жұмыстың тиімділігі жүйелі түрде қаралуы тиіс.
Отырыс соңында жас волонтерлер үшін Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы мен Құрмет мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушыларға қызмет тарихы туралы баяндалып, музей экспонаттарымен таныстырылды, сондай-ақ өңірдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бейнебақылау жүйесінің жұмысы көрсетілді.