Павлодар облысында 450 жүргізушіні маневр ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартты

Павлодар облысында 450 жүргізушіні маневр ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартты

Полиция қызметкерлерінің тұрақты профилактикалық жұмыстарына қарамастан, жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатындардың бірі – маневр жасау ережелерін орындамау болып отыр.

- Көптеген жүргізушілер кейде бағыт беру шамын қосуды ұмытып кетеді немесе бұрылыс жасау кезінде көрсеткішті пайдаланбайды. Мұндай құқық бұзушылық жағымсыз салдарға және жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін, – деп хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаменті.

Мысалы, Павлодар қаласында Кудайбердиев көшесінде Лада Приора маркалы автокөліктің жүргізушісі оңға бұрылу кезінде бағыт беру шамын қоспаған. Сол сияқты Тойота Карина автокөлігінің жүргізушісі де осындай құқық бұзушылық жасаған.

Мұндай әрекеттер жолда апаттық жағдайлардың туындауына себеп болды. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізу ережелерін сақтау үшін бағыт беру шамын әрдайым бағыт өзгерткенде қолдану ұсынылады. Бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, автокөліктің қозғалысын тұрақты әрі қауіпсіз жүргізуге көмектеседі.

Полиция департаменті барлық жүргізушілерге жолда өзіңізді қорғауды және басқа жол қатысушыларының тағдырлары сіздің әрекеттеріңізге байланысты екенін есте сақтауды ескертеді.