Павлодар облысының полициясы: жолдар мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздік

Павлодар облысының полициясы: жолдар мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздік

Өткен тәулікте Павлодар облысының патрульдік полиция қызметкерлері 829 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 354-і жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері.

Өңірде «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру жалғасуда. Осы бағыт аясында саптық бөлімшелер қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алып, жол қозғалысына және қоғамдық қауіпсіздікке бақылау жүргізуде.

– Патрульдік полиция ротасы мен батальонының нарядтары өңірде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күн сайын кезекшілікке шығады. Негізгі назар криминогендік аймақтарға және азаматтардың жаппай жиналатын орындарына бөлінеді. Патрульдік қызмет тәулік бойы жұмыс істеп, халықпен тығыз байланыста болады. Инспекторлар жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылап қана қоймай, оқиғаларға алғашқылардың бірі болып әрекет етеді, қоғамдық орындарда тәртіпті қамтамасыз етеді және қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға атсалысады. Әрбір полиция қызметкері үшін азаматтардың қауіпсіздігі – басты орында, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Мәлік Оңғарбаев.

Полиция өкілдері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс жалғасатынын және барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнама аясында міндетті түрде жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.