«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы Павлодар облысында басталды

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы Павлодар облысында басталды

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында өңірде 23–25 қаңтар аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.

Іс-шара аясында құқық қорғау органдары қызметкерлері көлік құралын мас күйінде басқарған жүргізушілерді, жылдамдық режимін бұзғандарды, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту қағидаларын сақтамағандарды, сондай-ақ қауіпсіздік белдіктері мен балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалану талаптарын орындамағандарды анықтауға ерекше назар аударуда.

Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда барынша мұқият болуға, Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздік әрқайсымызға байланысты екенін есте сақтауға шақырады.