Студенттерге арналған құқықтық сауаттылық сабағын полиция қызметкерлері өткізді

Студенттерге арналған құқықтық сауаттылық сабағын полиция қызметкерлері өткізді

– Павлодар қалалық полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Павлодар қаласы УПП №8 учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Павлодар жоғары педагогикалық колледжінің студенттерімен профилактикалық әңгіме өткізді, – деп хабарлайды Павлодар облысының ПД.

Іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алуға, алаяқтықтың жолын кесуге, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен жастарды есірткі құралдарының заңсыз айналымына тартуға жол бермеуге бағытталды. Кездесу барысында студенттерге құқыққа қайшы әрекеттер үшін көзделген жауапкершіліктің негізгі түрлері түсіндіріліп, интернет-алаяқтық пен «закладчиктер» қызметіне байланысты ең жиі кездесетін қылмыстық схемалардың мысалдары келтірілді.

Назар өзекті тақырып – алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне аударылды. Күнделікті өмірде және интернет кеңістігінде, соның ішінде әлеуметтік желілер мен онлайн-сатып алуларда кездесуі мүмкін алаяқтық схемалардың мысалдары келтірілді. Жасөспірімдердің алдауға ұшырауы мүмкін жағдайлар қарастырылып, қорғану бойынша практикалық кеңестер берілді: күмәнді ұсыныстарға сенбеу, жеке деректерді жарияламау, ақпараттың шынайылығын әрдайым тексеру.

Профилактикалық әңгіменің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру және құқыққа қарсы әрекеттерге қатысудың салдарын түсіндіру.

Кездесу соңында полиция қызметкерлері студенттерді сақ болуға, Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтауға және күмәнді сипаттағы ұсыныстарға ермеуге шақырды.

Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыс жалғасын табады, – деп түйіндеді ведомствода.