
Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесі, сондай-ақ Павлодар облысы Әділет департаментінің басшылығы ІІО ардагері Сейталин Серік Шамшитұлының 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
ІІО және ҰҰ ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Азат Сейлханов ардагерді жылы лебізбен құттықтап, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық тіледі. Ол Павлодар облысы ПД бастығы Василий Склярдың атынан алғыс хат табыстап, мерейтой иығына шапан жапты.
– Біз өз ардагерлерімізді қадірлейміз. Уақыт сүзгісінен өткен жандардың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізуі біз үшін аса маңызды. Сіз – жас қызметкерлерге де, болашағын офицерлік погонмен және құқық қорғау саласымен байланыстырған жастарға да айқын үлгісіз. Сіздің еңбегіңізді әрдайым есте сақтаймыз. Біз сізді мақтан тұтамыз! – деді Азат Сейлханов.
Сондай-ақ мерейтой иесін Павлодар облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары Айдын Мұхамеджанұлы Саменкулов құттықтап, мықты денсаулық пен отбасылық бақыт тіледі.
Серік Сейталин 1966 жылғы 17 қаңтарда Краснокутск ауданының Краснокутск кентінде дүниеге келген. 1994 жылы ішкі істер органдарына қабылданып, Павлодар қаласындағы Ильичев РОВД ГОМ-да милиционер-жүргізуші қызметін атқарды. Кейін Павлодар облысы ІІБ жанындағы патрульдік-постық қызмет батальонында милиционер болды. 2005 жылы ҚІПМО-ны тәмамдағаннан кейін ІІД-де заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы взводтың инспекторы болып жұмыс істеді. 2007 жылдың желтоқсанында Павлодар қаласы Оңтүстік ІІО тергеу бөлімінің тергеушісі болып тағайындалды. Осы лауазымнан 2010 жылдың қараша айында капитан шенінде құрметті демалысқа шықты.
Ішкі істер органдарындағы жалпы еңбек өтілі 25 жылдан асады. Қызмет жылдарында «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» II және III дәрежелі медальдарымен, «Ауған халқының алғысынан» медалімен, «Жауынгер-интернационалист» төсбелгісімен, «Полиция үздігі» белгісімен, «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерекелік медалімен, сондай-ақ өзге де медальдар мен грамоталармен марапатталған.
ІІО ардагері Серік Шамшитұлы адал полиция қызметкерлерінің тұтас бір буынын тәрбиелеп шығарды. Оған кеңес алу, көмек пен қолдау сұрап көпшілік жүгінді, көптеген жас маманға полиция қызметіне жол ашты. Әрдайым жанында – отбасы. Ерлі-зайыптылар ұлы Руслан мен қызы Алинаны тәрбиелеп өсірді. Қазіргі таңда үш немересін тәрбиелеп отыр.
Серік Шамшитұлы департаменттің жеке құрамы мен ІІО ардагерлері арасында зор беделге және құрметке ие. Павлодар қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімшесінің жас қызметкерлеріне тәлімгер болып табылады. Мерейтой иесі Серік Сейталин полиция және әділет департаменттерінің басшылығына, ІІО ардагерлері кеңесіне шынайы алғысын білдіріп, баршаға қызметте табыс, отбасында береке-бірлік тіледі.