Үйін сатып, депозиттегі ақшасын шешіп, кредит рәсімдеді: Павлодарда зейнеткер алаяқтарға 36 млн-нан астам теңге берді

Үйін сатып, депозиттегі ақшасын шешіп, кредит рәсімдеді: Павлодарда зейнеткер алаяқтарға 36 млн-нан астам теңге берді

Басқалардың ақшасын ұнататындар үнемі алдау тәсілдерін ойлап табады.

Мысалы, соңғы алаяқтардың құрбаны болған – 67 жастағы павлодарлық әйел. 2025 жылдың шілде айында оған телефон арқылы «Сізге алаяқтық әрекеттер жасалуда» деген хабарлама келді. Кейін оған қыз звондап, үйін тез арада сатуы, банктағы ақшасын шешіп, оны қауіпсіз есепшотқа аудару қажеттігін хабарлады. Барлық рәсімдерден кейін әйелге кредит рәсімдеудің қажеттігі айтылды, алаяқтар оның атына кредит рәсімдегісі келеді деген ақпарат берілді.

- Алаяқтардың нұсқауларын қатаң орындап, әйел барлық талапты орындады: үйін сатты, депозиттегі барлық ақшасын шешті, кредит рәсімдеді және 36 млн теңгеден астам соманы аударды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта бұл қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде, - деді Павлодар облысы ПД бірінші орынбасары Болат Нұрсейтов.

Полиция интернет алаяқтардың құрбаны болмау үшін мына ұсыныстарды беріп отыр: әлеуметтік желілердегі күмәнді мәмілелерге қатыспаңыз, мүлікті сатып алу немесе сату кезінде алдын ала төлем жасаудан бас тартыңыз, төлемді тауар жеткізілгеннен кейін ғана жасаңыз, белгісіз адамдарға анонимді төлем жүйелері арқылы ақша аудармаңыз.