
- Өңірде жүргізушілердің көлік жүргізе отырып, смартфондарын қарап отырғанын жиі байқауға болады. Бұл кейде жол-көлік оқиғаларына алып келеді. 2025 жылдың осы кезеңінде көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлескен 3583 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.
Телефонмен сөйлесу кезінде көлік жүргізуге тыйым салынғаны ешкімге құпия емес. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, жолда смартфон қолданудың қауіпті екенін түсіне тұра, көптеген жүргізушілер қауіпсіздік үшін құлаққап пен гаджеттен бас тартуға дайын емес. Мұндай әрекеттің салдарын бағаламау – үлкен қателік. Тәртіпті жүргізуші рөлде отырып телефонға назарын аудармайды. Қажет болса, көлікті тоқтатып сөйлеседі немесе кейінірек қайта қоңырау шалады. Ал “өздеріне сенімді” жүргізуші кез келген қоңырауға жауап береді, тіпті көлік жылдамдығын азайтпастан.
Полиция департаменті еске салады: көлік құралын басқару кезінде телефон немесе радиостанция қолдану — 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі. Осы әрекетті жыл ішінде қайталап жасаған жағдайда — 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.