Павлодар облысында Жедел басқару орталығының камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілді

Павлодар облысында Жедел басқару орталығының камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілді

Павлодар облысының аумағында аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдерін Жедел басқару орталығы (ЖБО) үлгісіндегі аппараттық-бағдарламалық кешендермен жабдықтау жобасы іске асырылуда. Бұл бастама қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және жедел әрекет ету тиімділігін арттыруға бағытталған.

Қазіргі таңда ЖБО облыстың барлық аудандары мен қалаларында жұмыс істеп тұр. Бұл құқық бұзушылықтармен күресті тиімді жүргізуге ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз орта қалыптастыруға және халықтың полицияға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Тәулігіне Жедел басқару орталығына шамамен 450–500 шақырту түседі, әрбір шақырту полицияның кешенді күштерімен қызмет көрсетіледі.