
-Жыл басынан бері Павлодар облысының полициясы қауіпсіздік белдігін қолданбаған 5,5 мыңнан астам автокөлік жүргізушісін жауапкершілікке тартты,- деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.
– Бұл құқықбұзушылық алғаш қарағанда елеусіз болып көрінуі мүмкін. Алайда іс жүзінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігінің адам өмірін құтқарған деректер жеткілікті. Өкінішке қарай, апат кезінде осы қарапайым талапты елемей, ауыр жарақат алған оқиғалар да аз емес. Әсіресе, көліктерінде балаларды тасымалдайтын жүргізушілерге қатысты бұл талаптың маңызы зор, – деп атап өтті ведомство өкілдері.
Облыс жүргізушілері жолдардағы жағдайдың, сондай-ақ жалпы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігінің олардың тәртібі мен мәдениетіне тікелей байланысты екенін түсінуі тиіс, – деп полиция автокөлік иелерін құқықтық тәртіпті сақтауға шақырды.