Павлодар облысында заңсыз аңшылық фактісі анықталды

Павлодар облысында заңсыз аңшылық фактісі анықталды

Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында Май ауданының Қызыл Еңбек ауылынан 3 км қашықтықтағы дала аймағында «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті қарап-тексеру кезінде тіркеме ішінен екі арқардың және бір сайғақтың сойылған еті табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, автокөлік салонынан тегіс ұңғылы бір оқпанды карабин алынды.

Бұдан бөлек, «Subaru Outback» автокөлігі тоқтатылып, оның салонынан чемодандарда, патронташа мен подсумкаларда сақталған 500-ден астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, нарезді бір оқпанды карабиндер және тегіс ұңғылы екі оқпанды мылтық табылып, тәркіленді.

– Заңсыз аңшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тәркіленген еттер сараптамаға жіберілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.