Қауіпті сапар: Жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші ұсталды

Қауіпті сапар: Жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші ұсталды

«Қауіпті жүргізуші» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Павлодар қаласында Н. Назарбаев даңғылы бойындағы үйдің жанында полицейлер «Лада Приора» автокөлігін тоқтатты.

Ер адамның әрекеті күдік тудырып, оған медициналық тексеруден өту ұсынылды. Қорытынды бойынша оның есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің 2024 жылдың қазан айында мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Автокөлік айыптұрағына қойылды. Қауіпті жүргізушіге қатысты тексеру жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және ешқашан алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде рульге отырмауға шақырады.