
Жеке құрамның қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмаларын орындауға дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысында жалпы гарнизондық нұсқаулық өткізілді.
Инструктивтік құрылымдық жиналысқа облыс орталығында күнделікті қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық қызметкерлер қатысты: патрульдік полиция рота мен батальоны, учаскелік инспекторлар, жасөспірімдер полициясының қызметкерлері, арнайы бөлімшелер, кинологтар, тергеушілер мен криминалдық полиция қызметкерлері, сондай-ақ 5512 әскери бөлімі жауынгерлері.
Жеке құрамға гарнизондық нұқсауды облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Жандос Орынбаев өткізді. Ол қызметкерлерге қызметі үшін алғыс айтып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерге назар аударды.
«Күн сайын бізге қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктеледі. Біздің басты міндетіміз – азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Павлодар өңірінде конституциялық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген жеке құрамға батылдық пен табандылықтары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Арнайы алғысымды отбасынан алыс әскери борышын өтеп жүрген қызметкерлерге айтқым келеді. Сенімдімін, біз бірге барлық міндеттерді сәтті орындай отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сенімді қорғаймыз», – деді полковник Орынбаев.
Департамент басқармаларының басшылары жеке құрамға облыс аумағындағы соңғы 24 сағаттағы оперативтік жағдай туралы ақпаратты жеткізді. Патрульдік экипаждарды кезекшілікке шығудан бұрын нұсқау кезінде полиция қызметкерлеріне қызмет барысында заңдылықты қатаң сақтаудың және азаматтарға сыпайы қараудың маңыздылығы ескертілді. Мұндай іс-шараларға тән түрде әрбір полиция қызметкерінің сыртқы киімі мен қызметке дайындығы тексерілді. Дәстүр бойынша шара салтанатты маршпен аяқталды, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өз дайындығын көрсетті.
Инструктаж аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері өңірде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметіне кірісті.