Пилоттық режимде «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік қызметі Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 2020 жылғы 22 маусымнан бастап Ақсу қаласының базасында көрсетіле бастады. 15 қыркүйектен бастап Екібастұз қаласы мен Железин ауданы қосылды.
25 қыркүйектен бастап бұл жоба облыстың барлық аумағында кеңейтілді.
Яғни, жұмыс істеуге рұқсат алу немесе ұзарту үшін Орталық Азия өңірлерінің жеке тұлғаларда жұмыс істегісі келетін шетелдіктерге Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.
Бұрын бұл қызмет Ішкі істер органдарының бөлімшелерінде еңбекші көшіп келушілерге көрсетілетін. 2019 жылы Павлодар қаласында Көші-қон қызметі орталығы ашылды, онда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының стандарттары қолданылды. Кедергісіз қызмет көрсету, бірыңғай электрондық кезек, «бір терезе» қағидаты еңбекші көшіп келушіге рұқсат алу бойынша қызмет көрсету процесін оңтайландыруға мүмкіндік берді.
Көші-қон қызметтері орталығының үлгісі бұл қызметті көші-қон қызметі бөлімшелерінен ХҚКО-ға ауыстыруға мүмкіндік берді.
Бұл мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында, сондай-ақ «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» аясында жүзеге асырылуда.