«Нелегал-2025»жедел алдын-алу шарасы: 47 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзды

«Нелегал-2025»жедел алдын-алу шарасы: 47 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзды

-2025 жылғы 05 қарашадан бастап Павлодар облысының аумағында «Нелегал-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған іс-шараның мақсаты — заңсыз миграцияға қарсы әрекет ету.
Іс-шараның алғашқы тәулігінде қабылданған шаралардың нәтижесінде облыс бойынша Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 47 шетелдік азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде: алыс шетелдердің 3 азаматы және ТМД елдерінің 44 азаматы бар, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов.
Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 8 фактісі анықталды, 5 шетел азаматы елден шығарылды.
Полиция қызметкерлері 33 әкімшілік материалды сотқа жолдады.
Мысалы, көші-қон полициясы Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұза отырып жүрген алыс шет елдердің үш азаматын анықтады. Сот әрқайсысына 68 810 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды.
Сондай-ақ, көршілес елдің екі азаматы тиісті рұқсатсыз дәмханада еңбек қызметін атқарғаны анықталды. Шетелдік азаматтарға қатысты әкімшілік материалдар жинақталды. Ал шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушіге 100 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Айта кету керек, «Нелегал-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 09 қарашасына дейін жалғасады.
Павлодар облысының Полиция департаменті барлық тұрғындар мен өңір қонақтарын көші-қон заңнамасын бұзбауға шақырады.