«Учаске» жедел алдын -алу шарасы: шамамен 8 мың павлодарлық қоғамдық орындарда алкоголь ішу үшін жауапқа тартылды

«Учаске» жедел алдын -алу шарасы: шамамен 8 мың павлодарлық қоғамдық орындарда алкоголь ішу үшін жауапқа тартылды

Ең кең таралған құқықбұзушылықтардың бірі – спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық жерде мас күйінде жүру. Қоғамдық орын — бұл қалалар мен елді мекендердің шегінде немесе шегінен тыс орналасқан, халықтың пайдалануына, сондай-ақ бұқаралық іс-шаралар өткізуге, қызмет көрсетуге және азаматтардың демалуына арналған ортақ пайдалану орындары.

— Мысалы, «102» нөміріне Павлодар қаласында Б.Жырау – Лермонтов көшелерінің қиылысында дүкен жанында әйелдің жатқандығы туралы хабарлама түсті. Басқа жағдайда, жедел желіге көпқабатты үйдің 2-қабатында ер адамдардың спирттік ішімдік ішіп отырғаны туралы хабар түсті. Көрсетілген мекенжайларға келген полицейлер әйел мен ер адамдардың қатты мас күйінде екенін анықтады. Қаланың тұрғындары тәртіп сақшыларымен уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, – деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.

Жыл басынан бері облыс аумағында алкогольдік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде болу бойынша шамамен 8 мың құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Көп жағдайда спирттік ішімдікке әуес адамдар алкогольдің заң бұзушылықтарға итермелеуі мүмкін екенін ескермейді, әрі өздері де қылмыскерлердің немесе жазатайым жағдайдың құрбаны болуы ықтимал.

Павлодар облысының Полиция департаменті қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішіп отырған адамдар немесе мас компаниялар туралы «102» нөміріне хабарлауға немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдалануға болатынын еске салады.