
Екібастұз қаласындағы кенттердің бірінде телефон арқылы алаяқтық әрекетке байланысты оқиға орын алды. Жергілікті тұрғынның айтуынша, ол жақында емханада талдау тапсырған. Біраз уақыттан кейін оған белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін сол медициналық мекеменің қызметкерлері ретінде таныстырған. Алаяқтар талдау нәтижелерін нақтылау сылтауымен әйелден ақпаратты растау үшін SMS арқылы келген кодты айтуын сұраған.
Әйел қоңырау шалғандарға сеніп, кодты айтып берген, алайда көп ұзамай күмәнданып, алаяқтармен сөйлескенін түсінген. Ол дереу полицияға және банкке жүгінген. Қаржы мекемесі мен құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында шоттағы кейінгі операциялар бұғатталып, қаскөйлер жәбірленушінің ақшалай қаражатын иемдене алмады.
Басқа жағдайда полицияның кезекші бөліміне сол кенттің тұрғынынан хабарлама келіп түсті, оған белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін тергеу бөлімінің қызметкері ретінде таныстырды.
Қоңырау шалушы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және "оның деректерін куәландыру" үшін мессенджерге жіберілген сілтеме бойынша өтуді ұсынғанын хабарлады.
Әйел дұрыс емес деп күдіктеніп, кезекші бөлімнің пультіне 102 нөміріне қоңырау шалды. Полиция қызметкерлері ақпаратты тексеріп, ведомствода мұндай қызметкерлер жоқ екенін растады, ал қоңырау алаяқтардан түскенін айтты.
Полицейлер әйелге бұдан былай өте сақ болу және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеу, банк карталарының жеке деректері мен деректемелерін бөгде адамдарға хабарламау қажеттігі туралы ескертті.
Өз кезегінде, өтініш берушілер полиция қызметкерлеріне жедел көмегі үшін алғыс білдірді.
Осындай мазмұндағы қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, ұйыммен ресми телефон нөмірлері арқылы өзіңіз хабарласуыңыз қажет. Барлық алаяқтық әрекеттер туралы полицияға 102 нөмірі арқылы хабарлау керек.
#Заң&тәртіп #Закон&порядок #Заңментәртіп #Законипорядок