Екібастұз қаласында жас полиция қызметкерлерімен кездесу өткізілді, оған Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Жандос Орынбаев, тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Ерғанат Дүйсекенов және оның орынбасары Азат Сейілханов, сондай-ақ тәлімгерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
– Ардагерлеріміз ішкі істер органдарының кадрлық әлеуетін нығайтуда маңызды рөл атқаратын мол тәжірибе мен кәсіби дәстүрлер қорын жинақтады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші тәртіп сақшыларының алдында қазіргі жағдайда күрделі міндеттер тұр, олардың бастысы – қоғам үмітін ақтау. Тәлімгерлердің жұмысы тек практикалық көмекпен шектелмейді, сонымен қатар психологиялық және моральдық тұрғыдан дайындауды да қамтиды, - деп атап өтті полиция полковнигі Жандос Орынбаев.
ІІО ардагері отставкадағы полиция полковнигі Ерғанат Дүйсекенов тәлімгерлік институтының қандай рөл атқаратыны және ооның полицияға жүктелген міндеттердің орындалуына әсері туралы өз пікірін бөлісті.
- Бұл мамандықты не үшін және неге таңдағаныңызды нақты түсініп алу өте маңызды. Бүгінде көптеген офицерлер полицейлік әулетті жалғастырып келеді, бұл – қуанарлық жайт. Мамандығын саналы түрде таңдаған адамның тұлғалық дамуы да дұрыс қалыптасады. Осы мамандықты таңдаған жас офицер қиындықтар мен ықтимал тәуекелдерге дайын болуы керек, — деп түйіндеді ардагер.
Іс-шара сенім мен қолдау атмосферасында өтті, бұл қызметкерлерді ІІО жүйесінде қызметке бейімдеудің маңызды кезеңі болды.
Кездесу барысында Екібастұз қаласы ПБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Бибігүл Исаева ардагерлердің жастарды тәрбиелеуге белсенді қатысқанын және ардагерлер жұмыс тәжірибесімен бөлісетін және кеңес беретін учаскелік полиция пункттерімен жұмысы туралы атап өтіп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Ведомствода мұндай кездесулер қызметкерлердің ұрпақтары арасындағы берік кәсіби байланысты қалыптастыруға, тәжірибені беруге және ішкі істер органдарының дәстүрлерін сақтауға ықпал ететінін атап өтті. Тәлімгерлік жүйесі сенімді және құзыретті полиция қызметкерлерін қалыптастырудың маңызды элементі болып қала береді.