Павлодар облысының полициясы ойын-сауық орындарының антирейтингін жүргізді.
– Аналитикалық бөлімше 102 арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар негізінде ойын-сауық және көңіл көтеру орындарының қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлерін зерттеп, мониторинг жүргізді. Биылғы жылдың басынан бері полицияға түрлі сипаттағы 105 мыңнан астам хабарлама түсті, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы міндетін атқарушы Азамат Куркебаев.
Антирейтингке облыс орталығындағы ең көп шақыру түскен тоғыз ойын-сауық орны кірді: «Джавах» кафесіне – 46, «Альфа-Т» кафесіне – 43, «Гудзон» кафесіне – 32, «Celentano» кафесіне – 25, «Chechil Pub» ресторанына – 22 шақыру түскен.
Полиция аталған мекемелердің атына құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар жолдады.
«Заң және тәртіп» қағидаты мұндай жағдайларда қоғамдық тәртіп пен әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың маңызды элементі болып табылады. Бұл қағидат заң бұзғандар үшін жауапкершіліктің бұлжымайтынын растайды және қылмыстың алдын алуға, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
#Заң&тәртіп #Закон&порядок #Заңментәртіп #Законипорядок