Білім беру мен алдын алу – қауіпсіз қоғам құрудың негізгі құралдары

Білім беру мен алдын алу – қауіпсіз қоғам құрудың негізгі құралдары

«Учаске» және «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шара аясында Ертіс ауданы полицейлер қауіпсіздік сабағын өткізді.

Құқық қорғаушылар оқушыларға құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың салдары және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары туралы айтып берді. Кәмелетке толмағандар арасында ең көп кездесетін құқықбұзушылықтарға назар аудартып, нақты мысалдар келтірді, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірді. Сондай-ақ өзіңді және жақындарыңды фишингтен, криптовалютаға қатысты алаяқтықтан және жаңа қылмыс түрлерінен қалай сақтану керектігін баяндады. Елде дропперлік, сталкинг және мәжбүрлеп үйлендіру үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілгенін түсіндірді.

Сондай-ақ кездесу барысында балаларға түнгі уақытта көшеде серуендеу ережелері, ойын-сауық орындарының қауіптілігі жайлы айтылып, нашақорлық, құмар ойын, маскүнемдік және қоғамдық тәртіп бұзудың қауіптері жөнінде ескертілді.

– Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін, тәртіп пен заңдылықты сақтауға шақыру – полиция жұмысының басым бағыттарының бірі. Біз барлығын заң мен тәртіпті сақтауға, бір-біріне және айналаға құрметпен қарауға шақырамыз, – деді полиция сақшылары.