Екібастұз қаласына есірткі заттарын жеткізу арнасын жедел уәкілдер тоқтатты

Екібастұз қаласына есірткі заттарын жеткізу арнасын жедел уәкілдер тоқтатты

 Екібастұзға есірткі заттарын жеткізудің ірі арнасы Павлодар облысы және Ұлытау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тоқтатылды.

Есірткі жеткізу арнасы жедел әзірлеу барысында анықталды.  Жедел уәкілдер есірткіні тасымалдаудың бағыттары мен тәсілдерін анықтады, есірткі топтарының мүшелері есірткіні сақтау үшін өндірістік кооперативті пайдаланды. Тінту барысында шамамен 64 кг. есірткі заттары тәркіленді.

- Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізгені және сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Есірткі арнасын ұйымдастырушы соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сондай - ақ, ұстау кезінде, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталғандарда каннабиноидтарды қолдану фактілері анықталды, ол үшін оларға қатысты әкімшілік материалдар жасалды, - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Павлодар облысының полициясы азаматтарды 102 телефонға есірткінің заңсыз таралуына қарсы күресте көмектесетін кез келген ақпарат туралы хабарлауға немесе "police 102" мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.

"Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.