"Қауіпсіз жол" ЖАІШ

"Қауіпсіз жол" ЖАІШ

Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

"Қауіпсіз жол" ЖАІШ аясында Павлодар қаласы Полиция басқармасының Солтүстік полиция бөлімінің полицейлері бірқатар мектептерге барып, оқушылармен дәріс сабақтарын өткізді. Негізгі міндет - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Тәртіп сақшылары балаларға көшелерде, жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып, жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдаланудың маңыздылығын еске салды.

- Балалардың қатысуымен болған көптеген ЖКО Жол қозғалысы ережелерін білмегендіктен орын алуда. Біздің мақсатымыз-оларды өз қауіпсіздігі туралы ойлауға және бәріне мұқият болуға үйрету, - деп атап өтті Солтүстік ПБ бастығының орынбасары Ренат Шәріпов.

Дәрістер қызықты түрде өтті, полицейлер нақты оқиғалардың мысалдарын келтірді, қауіпті жағдайлардан қалай аулақ болу керектігін түсіндірді.