Цифрлық сервис іс жүзінде

Цифрлық сервис іс жүзінде

Полицейлер күнделікті жұмысында заманауи технологияларды барынша қолдануда. Полицияның барлық күші, ең алдымен, тұрғындардың мүддесін қорғауға, қылмыс пен құқық бұзушылықтарды азайтуға бағытталған.

- Мысалы, омниканалдылық қосымшасына павлодарлық азаматшадан фото сурет пен мәтіндік хабарлама келіп түскен. Онда Павлодар қаласында Қамзин көшесінде Hyundai маркалы көлік жүргізушісі тротуарды көлігімен жауып, әйелдің бала арбасымен өте алмағаны айтылған. Көрсетілген аулаға келген полицейлер жүргізушіні анықтап, жол қозғалысы ережелерін бұзып, көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіргені үшін әкімшілік материал толтырды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Қоғамдық тәртіпті бұзу, отбасылық зорлық-зомбылық, ЖҚЕ бұзу немесе жол-көлік оқиғасы сияқты жағдайлар туралы сигналдар жедел қабылданып, полиция хабар түскен сәттен бастап әрекет етеді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Жедел басқару орталығы осы қосымша арқылы 493 өтініш қабылдап, өңдеген.

«Заң және тәртіп» шеңберінде құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша полицияның жұмысы жалғасуда. Полицейлер облыс қонақтары мен тұрғындарын заңды бұзбауға және ережелер барлығына бірдей екенін естен шығармауға шақырады