Павлодар облысында 1 қыркүйекте басталған «Учаске» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Оның аясында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазірдің өзінде алғашқы нәтижелер жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін көрсетеді.
- Мұндай тексерулерден кейін көптеген ерлі-зайыптылар учаскелік инспекторларға хат жазып, жүргізіліп жатқан жұмысы үшін алғыс айтады, өйткені олардың күйеулері жақсы жаққа өзгеруде, бірі өзіне қорытынды жасап, жұмысқа орналасты, бірі ішімдікті ішуді тоқтатты. Біреуі тіпті аулада кішкентай гүл бақшасын салды, бұл үйдің барлық тұрғындарын қуантты. Полицейлер «отбасылық жанжалқой» санаты бойынша есепте тұрған адамдарды тексеруде. Бүгінде облыс бойынша 4 мыңнан астам адам есепке алынған. Есепте тұрғандардың өздерімен, отбасы мүшелері және көршілерімен әңгіме өткізіледі, оның барысында біз есепте тұрғандардың күнделікті өмірдегі, ауладағы және жұмыстағы мінез-құлқын анықтаймыз. Бүгін маған бірнеше ұл балалар жүгіріп келіп, әкелерінің ішімдік ішпейтініне ризашылығын білдірді, бұл мені қуантады, - дейді Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция басқармасы бастығының орынбасары Ренат Шәріпов.
Ведомствода атап өткендей, Павлодар қаласында дағдарыс орталығы құрылып, табысты жұмыс істеуде, онда құқық бұзушының қатысуымен отбасындағы келіспеушіліктердің себептері мен шарттары егжей-тегжейлі талданады. Агрессияны қоздыратын мәселелерді шешуге барлық мүдделі мемлекеттік органдар тартылады. Мамандар көмегінің арқасында отбасын сақтап қалуға, зорлық-зомбылық туралы полицияға қайта-қайта келетін қоңырауларды жоюға болады.
Полиция қызметкерлері жыл басынан бері өмірлік қиын жағдайға тап болған 40-қа жуық әйелді дағдарыс орталықтарына орналастырды. Оларға және олардың балаларына жан-жақты көмек көрсетілді.
- Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап агрессорларға психологиялық көмек көрсету практикаға енгізілді. Біздің өтініштеріміз бойынша сот 20 агрессорға міндетті түрде психологиялық көмек көрсетті, оның алтауы емдеу курсынан өтті. Жүргізілген талдау аталған адамдардың қайталама құқық бұзушылықтар жасамайтындығын көрсетті, - деп атап өтті ведомствода.
«Учаске» іс-шарасы - бұл сенім мен алдын-алу жұмыстары. Полиция азаматтарды ынтымақтастыққа ашық болуға және заң нормаларын сақтауға шақырады. Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады.