Қаладағы пәтерлердің бірінде жабдық пен телефон карталары орналасқан «офис» анықталды.
Белгілі болғандай, облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны биылғы жылдың 12 маусымынан бастап SIM-box пайдаланған. Ол Telegram мессенджері арқылы куратордан нұсқаулар алып отырған. Ер адамның міндетіне SIM-карталарды тіркеп, кейін оларды SIM-box-қа орнату. Атқарған жұмысы үшін ай сайынғы ақы «Kaspi» арқылы төленген.
Тінту барысында тәртіп сақшылары 32 слотты SIM-box, MikroTik желілік трафикті басқару құрылғыларын, ұялы телефондар мен ноутбукты тәркіледі.
- Аталған дерек бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу бастады. Күдікті Павлодар қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асхат Абетжанов.