Қылмыстық полиция бөлімінің жедел уәкілдері - Конституцияның құрдастары

Қылмыстық полиция бөлімінің жедел уәкілдері - Конституцияның құрдастары

Қазақстан Республикасының Конституция күні-еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Конституция-мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізі, ел тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Біздің көпұлтты мемлекет тұрғындарының әл-ауқаты барлық азаматтардың құқықтарының толықтығын, олардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етумен, азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтаумен тығыз байланысты. Біздің мемлекетіміз бен облысымыздың нығаюына азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге полиция қызметкерлері өз үлестерін қосуда.

Павлодар қ. ПБ Солтүстік полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні дүниеге келген екі бақытты адам – Жансап Исин мен Арман Оразбаев қызмет етеді.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін біздің Конституцияның құрдастары ішкі істер органдарына қызметке келіп, осы саладағы өздерінің армандарын орындады.

- Дұрыс басымдық бере отырып, жұмыс күнін дұрыс жоспарлау керек. Қазірдің өзінде жасалған қылмыстарға немесе құқық бұзушылықтарға қатысы бар күдіктілер туралы ақпарат жинау, анықтау және ұстау. Біздің тамаша тәлімгеріміз бар, ол қызметтің алғашқы күндерінен бастап жұмысқа қолдау көрсетіп, көмектеседі, – дейді Арман Оразбаев.

- Қазақстан үшін осындай атаулы және айтулы жылы дүниеге келгенімізді мақтан тұтамыз. Өйткені, бұл Конституция, оның баптары, әрқайсымыздың мүдделерімізді қорғайды, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін декларациялайды. Біз тәртіп сақшылары күнделікті еңбекпен құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосамыз.