Балаларға алимент берешегі бар павлодарлықты полиция қызметкерлері анықтады

Балаларға алимент берешегі бар павлодарлықты полиция қызметкерлері анықтады

Ер адам жұбайымен ажырасқаннан кейін бала тәрбиесіне қатысуды тоқтатты және балаларына алимент төлеу туралы сот шешімін елемеді.

- Өз балаларына алимент бойынша қарыз сомасы шамамен 6 млн. теңгені құрады. Полиция қызметкерлері 45 жастағы ер адамды ұстады және юрисдикцияға сәйкес соттың қарыз сомасын өндіріп алу туралы шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушысына берді, - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.

Айта кетейік, осы жылы облыс полицейлері 200-ге жуық алимент төлемейтін адамды анықтады. Тәртіп сақшылары еске салады: алимент төлеуден жалтару тек материалдық салдарға ғана емес, сонымен бірге қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін.

Жазаның бұлтартпаушылығы және Заң мен тәртіпті сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, полиция құқық бұзушылықтардың барлық фактілерін, оларды кім жасағанына қарамастан, бейтарап тергеуге міндетті, бұл елдегі заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің негізі болып табылады.