"Қарсы жолаққа шығу-жүргізуші куәлігінен айыру!" павлодарлықтар полицияға "102" мобильді қосымшасының көмегімен жүгінеді

"Қарсы жолаққа шығу-жүргізуші куәлігінен айыру!" павлодарлықтар полицияға "102" мобильді қосымшасының көмегімен жүгінеді

Апаттылықтың, жарақаттанудың алдын алуға және азайтуға, сондай-ақ әкімшілік заңнаманың санкциясын қатаңдатуға бағытталған іс-шараларға қарамастан, жолаушылар көлігінің жүргізушілері жол жүру ережелерін бұзуды жалғастыруда.

Мысалы, "Police 102" Омниканалдылық жүйесінің мобильді қосымшасына мәтіндік хабарлама келіп түсті.
- Автобусқа артынан, қашықтықты сақтап, жүріп келе жаттым. Кенеттен бұрылыстан кейін автобус қарсы жолаққа шығып, менің жолымды кесуге кірісті. Мен баяулай алмайтынымды түсіндім және тұраққа бұрылып үлгердім. Егер менің жылдам реакциям болмаса, апаттан аулақ болмас еді. Неліктен бұрылыс сигналын қоспады, өйткені сигнал басқа жүргізушілерге маневрлер туралы білуі және мұндай төтенше жағдайлар туындамауы үшін ойлап табылды - деп жазды павлодарлық.

- Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жіберілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар полицейлері қарсы қозғалыс жолағына шығудың 253 фактісін анықтап, барлық материалдар сотта қаралғанын атап өткен жөн,- деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.

Ережеге сәйкес жасалмаған қарсы қозғалыс жолағына шығу ең қауіпті маневрлер мен елеулі бұзушылықтардың бірі болып саналады. Полиция қоғамдық көлік жүргізушілерінен әр рейсте ерекше мұқият және ұқыпты болуды сұрайды. Өйткені жолаушылардың денсаулығы мен өмірі олардың қырағылығына байланысты.

Биылғы жылы омниканализм жүйесі арқылы полицияға 373 өңір тұрғындары көмекке жүгінді.