Ағымдағы жылы қарсы жолаққа шыққаны үшін 253 жүргізуші жауапқа тартылды, оның 36-сы Екібастұз қаласында. Барлық құқық бұзушылар 6 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.
Екібастұз полициясының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың жолын кесу бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өткізеді. Алдын алу шараларына қарамастан, көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға жол беруді жалғастыруда.
- Мысалы, Екібастұзда Беркімбаев көшесі бойында "Mercedes Benz" маркалы көлік құралы тоқтатылды, оның жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған сол жақ жолаққа шығып, сол арқылы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға жол берді. Осы бұзушылық үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материал соттың қарауына жіберілді. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өздеріне және жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндірмеуге шақырады, - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.