Павлодар қаласында полиция қызметкерлері Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады, олардан тінту барысында белгісіз ұнтақ заты бар 58 байлам табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, Павлодарда уақытша тұратын жері бойынша ұнтақ заты бар екі полиэтилен пакет, оқшаулағыш таспалар, zip lock, магниттер, электрондық таразылар және фольга тәркіленді.
- Алынған заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Қатысушыларға қатысты бұлтартпау шарасы - үй қамағы таңдалды. Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз дайындағаны, өңдегені, өндіргені үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.
Павлодар облысының Полиция департаменті азаматтарды, егер сіз заңсыз әрекеттерге куә болсаңыз, 102 телефоны бойынша дереу хабарлауды, "Police 102" мобильді қосымшасын пайдалануды немесе Instagram директіне @dp_pavlodar жазуды сұрайды. Анонимділікке кепілдік беріледі.