"Police 102" көп арналы қосымшасы-құқықтық тәртіпті сақтаудың тиімді құралы: өтініштер келіп түсу фактісі бойынша тіркеледі, қысқа мерзімде ақпаратқа тексеру жүргізіледі.
Фото және бейнематериалдар қосымшасы әсіресе жеделдетеді. Павлодар тұрғындарының бірі жүргізушісі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған, тиісті жол белгісімен белгіленген жерде тұрған автокөліктің суретін жіберді. Жүргізушіге қатысты сол күні автотұрақ ережелерін бұзғаны үшін хаттама толтырылды. Қосымша арқылы полицейлерге Баян батыр көшесіндегі жол қозғалысы ережелерін бұзудың қауіпті видеосы келіп түсті, онда жүргізуші апатты жағдай туғызып, қозғалатын көліктің алдына шықты. Бұзушы жедел түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- "Police 102" мобильді қосымшасы аудио және бейне қоңыраулар жасауға, мәтіндік хабарламалар, файлдар жіберуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері облыстың 193 тұрғыны оның көмегімен полицияға жүгінді. Өтініштердің басым көпшілігі жол қозғалысы ережелерін бұзумен байланысты. 107 тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.
Бағдарламаны Android үшін GooglePlay және ios үшін AppStore сайттарынан жүктеуге болады, - деп атап өтті ведомстводан.