Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ескерту, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында тәуліктің кешкі және түнгі уақыттарында құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мақсатында 27 шілдеден бастап "Түнгі қаладағы балалар"жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Кәмелетке толмағандардың үш заңды өкіліне қатысты кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін ЖПШ-ның алғашқы тәулігінде үш әкімшілік іс қозғалды. Бұдан басқа, басқарманың ювеналдық полиция қызметкерлері Екібастұз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қаулысы негізінде екі жас баланы Екібастұз қаласының Үміт ПДО-ға орналастырды. Балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілге қатысты ата-ана құқықтарын шектеу туралы Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап-арыз жіберілді.
Айта кету керек: Балалардың құқықтарын қорғау заңнамалық, ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қамтиды. Негізгі мақсат-балаларға толыққанды даму және бақытты балалық шақ мүмкіндігін беру. Бала құқықтары бұзылған жағдайда тиісті органдар мен ұйымдарға 102 нөмірі бойынша "Police 102" қосымшасы арқылы немесе @dp_pavlodar, @up ekibastuz директіне жүгіну қажет., - деп қосты полиция қызметкерлері.