Павлодар облысында қос азаматтықтың 886 фактісі анықталды

Павлодар облысында қос азаматтықтың 886 фактісі анықталды

- Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетелдік азамат бір мезгілде біздің еліміздің және басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды. Егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алса, онда ол осы сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтамайды.

Қазіргі уақытта облыс ПД көші-қон қызметінің бөлімшелері облыстың мемлекеттік органдарымен бірлесіп қос азаматтықты анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Мысалы, құқықтық тәртіп сақшылары мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаннан кейін Ресей Федерациясы азаматының құжаттарын пайдаланған азаматты анықтады. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылу тіркелді. Бұл ҚР заңнамасында жаңадан енгізілген норма, ол өткен жылы азаматтығын жоғалтудың негіздерінің бірі ретінде қосылды - деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

2025 жылдың 6 айында Павлодар облысының көші - қон қызметі 886 адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғанын тіркеді, оның 842-сі басқа мемлекеттің азаматтығы бар екенін өздері хабарлады.

Павлодар облысының Полиция департаменті азаматтарды Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар тарапынан осындай фактілерге жол бермеу туралы ескертеді.