- Көліктерін рұқсат етілмеген жерлерге қоятын жүргізушілерді жиі кездестіруге болады. Бірақ мұндай бұзушылықтарға шыдау мүмкін емес, өйткені автокөлік иелері жол қозғалысының басқа қатысушыларына – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып қана қоймайды, сонымен қатар апатты жағдай туғызады және өмірлік маңызды қызметтер мен арнайы техниканың көліктерінің өтуіне кедергі келтіреді,- деп хабарлайды Павлодар облысының Полиция департаменті.
Тағы бір мәселе - мүгедектерге арналған орындар, жүргізушілер көбінесе автомобильдерді тиісті рұқсатсыз сол жерге қояды.
Мәселен, Омниканалдылылқ арнасы арқылы полицияға бұзушылықтың фотосуреті туралы хабарлама келіп түсті, онда павлодарлық Granta маркалы автокөліктің жүргізушісі "мүгедектерге арналған тұрақ" белгісіндегі орында тұрғанын хабарлады. Полиция қызметкерлері аталған жерге келіп, көлік иесін анықтап, оған қатысты айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ, онымен жол қозғалысының барлық қатысушыларына құрметпен қарау және ережелерді сақтау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері 178 азамат "Омниканальность Police 102" қосымшасын пайдаланды.
Ведомство егер Сіз құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, "102" арнасына хабарлау, "police 102" мобильді қосымшасын немесе @dp_pavlodar Instagram Directін пайдалану қажет екенін еске салды.