Павлодар облысы ПД полиция қызметкерлері Ақсу Фероқорытпа зауыты, "ЕЭК" АҚ қызметкерлерімен алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме әңгіме өткізді.
- Алаяқтардың тәсілдері туралы интернет пен әлеуметтік желілер толып тұрса да, теледидардағы сюжеттер мен газеттердегі мақалалар үнемі шығып тұрса да, жадынамалар мен парақшалар сауда объектілерінде және банктердің өзінде орналастырылса да, адамдар қылмыстық қол сұғушылықтың құрбаны болады.
Соңғы уақытта алаяқтар күрделене түсті және бұл ең алдымен интернет-технологиялардың таралуына байланысты. Заманауи технологиялардың дамуы, сондай –ақ тез өзгеретін ақпараттық орта бізден алаяқтықтан қорғау процестеріне жақсы түсіністік пен белсенді қатысуды талап етеді-деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Кездесу барысында тәртіп сақшылары алдаудың негізгі түрлері мен тәсілдері туралы хабардар етті. Қол жетімді түрде олар алаяқтардың құрбаны болмау және жинақтарын сақтау туралы ұсыныстар берді.
Тәртіп сақшылары зауыт қызметкерлерінің назарын алаяқтармен азаматтарды алдаудың негізгі схемаларына аударды.
- Бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіз, олар түтіктің екінші жағында кім болып көрінгеніне қарамастан, мейлі ол банк қызметкері, мемлекеттік органдар немесе күш құрылымдарының өкілі болсын, қоңырауды дереу тоқтатқан дұрыс. Ешқашан күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз, жеке тұлғалардан тауарлар мен қызметтер туралы хабарландырулар орналастыру үшін желідегі тексерілмеген және түсініксіз дүкендерге және интернет-сервистердегі сатушыларға сенбеңіз.
Павлодарлықтар өз жинақтарынан айырылған сәттерді қатысушыларға нақты мысалдармен келтірілді.
- Біздің көпшілігімізге зиянкестер қоңырау шалды, бірақ бақытымызға орай, олардың "қармағына"ешкім ілінген жоқ. Біз танымдық әңгіме үшін алғыс айтамыз, алған ақпаратымызды отбасымызбен және жақындарымызбен бөлісуге уәде береміз - деді зауыт қызметкерлері