«Асыққан» жүргізушілер - бақылауда

«Асыққан» жүргізушілер - бақылауда

- Бағдаршамның қызыл сигналына жол жүруге тыйым салу туралы барлығы біледі. Осы ережені бұза отырып, жүргізуші өз өміріне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне де қауіп төндіреді.

- Мысалы, патрульдеу кезінде полицейлер өрескел құқық бұзушылықтың жолын кесті – Лермонтов-Б.Жырау көшелерінің қиылысында Ауди-80 автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салу сигналынан өтті. Оған қатысты 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды - деп хабарлады Павлодар облысының ПД.

Өкінішке орай, жүргізушілер жол жүру ережелерін сақтауға жеңіл қарайтын жағдайлар сирек емес.

Айта кету керек, ағымдағы жылы 1265 жүргізуші бағдаршамның тыйым салу сигналынан өтіп, ол үшін жазаланды.

Павлодар облысының Полиция департаменті қабылдаған шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың мүлкін сақтауға бағытталған. Осыған байланысты Полиция департаменті жүргізушілерді келесіге шақырады - жолда қанша уақыт жүрсеңіз де, әрқашан жол жүру ережелері мен көлік тәртібін сақтаңыз.