Ертіс өңірінің полицейлері велосипедті ұрлықтан қалай қорғауға болатынын айтты

Ертіс өңірінің полицейлері велосипедті ұрлықтан қалай қорғауға болатынын айтты

Полицияның азаматтарға велосипедтерін қараусыз қалдырмау туралы бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, велосипед ұрлығы әлі де орын алады. Велосипедтерді ұрлаудың себептеріне иелерінің немқұрайлылығы жатады, олар өз мүлкін сақтау үшін ешқандай шара қолданбай, оны қараусыз қалдырады.

- Мысалы, полицияға павлодарлық жасөспірім велосипедінің ұрланғаны туралы арызбен жүгінді. Анықталғандай, велосипед Ломов көшесіндегі дүкеннің жанында қалдырылған болды. Басқа жағдайда, спорттық велосипедті ұрлау фактісі бойынша темір тұлпарын Торайғыров көшесіндегі үйдің ауласынан алып кеткен қала тұрғыны жүгінді. Ұрлық фактілері бойынша полиция қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс - шараларын жүргізуде,- деп хабарлайды Павлодар облысының ПД.

Полиция ұрлықты болдырмау үшін велосипедті адам көп жиналатын жерде қалдырған жөн, жақсы көмекші — велосипед сарайы деп ескертеді. Велосипедті қоршауларға тастағанда немесе қоршауларға бекіту кезінде олардың сенімділігіне көз жеткізген жөн. Велосипедті өшірілмейтін жапсырмалармен, суреттермен, жазулармен таңбалау да ұрлықтың алдын алу шараларының бірі болып табылады.

Егер ұрлық орын алса, дереу полицияға хабарласу керек. Көбінесе ұрланған велосипедтердің иелері оларды полицияға бармай-ақ өз бетінше іздеуге тырысады, осылайша қылмысты ашудың қымбат уақытын жіберіп алады.

Құрметті азаматтар, Сіздің мүлкіңіздің қауіпсіздігі бірінші кезекте өз қолыңызда! Осы қарапайым кеңестерді орындаңыз, өйткені шабуылдаушының жолындағы кез – келген кедергі өз мүлкіңізді құтқара алатын уақыт. Егер қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз полицияға қоңырау шалыңыз немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдаланыңыз", - деп түйіндеді ведомство.