"Қарасора -2025" республикалық ЖПШ өткізу барысы туралы

"Қарасора -2025" республикалық ЖПШ өткізу барысы туралы

- Аталған кезеңде полицейлер есірткінің заңсыз айналымы желісі бойынша жедел жағдайды тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырды. Нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымы саласында 24 құқық бұзушылық тіркелді, 13 факті бойынша қылмыстық істер қозғалды. Заңсыз айналымнан 73 килограмнан астам есірткі, оның ішінде синтетикалық шығу тегі – 2 килограмм тәркіленді,- деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов брифингте.

Спикер есірткінің бұл түрлерін таратумен, әдетте, "жеңіл ақша" тапқысы келетін және жасалған іс-әрекет үшін жауапкершіліктің барлық дәрежесін түсінбейтін жастар қатарындағы адамдар айналысатынын атап өтті.

Операцияны жүргізу кезеңінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жабайы қарасораның өсу фактілерінің жолын кесу бойынша бірқатар алдын алу іс-шараларын ұйымдастырды және жүргізді, соның нәтижесінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді жоюға уақтылы шаралар қолданбағаны үшін төрт азамат жауапқа тартылды.