Көлік жүргізу кезіндегі әңгімелер!

Көлік жүргізу кезіндегі әңгімелер!

Қаланың көшелерінде орнатылған ондаған бақылау камералары мен жоғары айыппұлдар – павлодарлық жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға бағытталған шаралар.

Жүргізушілер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылықтардың бірі – көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесу. Павлодар облысының ПД хабарлауынша, 2025 жылдың ағымдағы кезеңінде рульде отырып смартфон пайдаланғаны үшін 1 487 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.
Полицейлер көлік басқару кезінде мобильді телефонмен сөйлесудің қауіпті екенін тағы да еске салады.

Кез келген көлік құралын басқару кезінде телефонмен сөйлесуге тыйым салатын заң – көлік түрі мен жүргізушінің әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, бәріне ортақ. Адам көлік рөлінде отырып, қолында телефон ұстаса, бұл құрылғы бірден қауіп көзіне айналады.

Жүргізушілер көбінесе суреттерді қарап, лайк басу немесе пікір жазу үшін алаңдап жатады. Ал бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін – деп атап өтті ведомство.