Жылдамдық режимін сақтаңыздар!

Жылдамдық режимін сақтаңыздар!

Жылдамдықты асыру – Павлодар облысы жолдарында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі.
– 2025 жылдың алғашқы 6 айында облыс жолдарында белгіленген жылдамдықты асырған шамамен 59 мың жүргізуші анықталды. Олардың әрқайсысына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаменті.

Мысалы, Павлодар қаласында қозғалысы қатты көшелерінің бірінде «Mercedes Benz S 550» автокөлігінің жүргізушісі сағатына 126 км жылдамдықпен жүрген. Бұл кезде рұқсат етілген жылдамдық – 60 км/сағ болған. Жүргізушіге 152.000 астам теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жылдамдықты асыруға себеп ретінде жүргізуші немесе жолаушының асығыстығына байланыстыруға болмайды. Асығыстық – жылдамдықты арттыруға итермелейді, ал бұл өз кезегінде жолдағы қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жылдамдық режимін сақтап, күрт маневр жасамаңыздар, – деп ескертеді тәртіп сақшылары.