«Мен Павлодарда бақытты және салауатты өмір сүргім келеді»: бұл – полиция қызметкерлеріне наркограффитиді жоюға көмектесіп жүрген еріктілердің пікірі

«Мен Павлодарда бақытты және салауатты өмір сүргім келеді»: бұл – полиция қызметкерлеріне наркограффитиді жоюға көмектесіп жүрген еріктілердің пікірі

«Мен Павлодарда бақытты және салауатты өмір сүргім келеді»: бұл – полиция қызметкерлеріне наркограффитиді жоюға көмектесіп жүрген еріктілердің пікірі.

– Мен Павлодарда туып-өстім, осы қалада білім алып жатырмын және болашақта осында жұмыс істегім келеді. Мұнда менің туыстарым, достарым тұрады. Күн сайын спортпен шұғылданамын, сүйікті ісіммен айналысамын, достарыммен кездесемін, жағалауда серуендеймін. Мен Павлодарды өте жақсы көремін, сондықтан да әрдайым наркограффитиға қарсы акцияларға қатысамын, себебі салауатты қоғамда, бақытты отбасында өмір сүргім келеді, – дейді акция қатысушысы Данил Мясников.

– Қалада оқып жатқаныма үш жыл болды, жиі көшеде бос жүрген, өмірде нақты мақсаты жоқ жастарды көремін. Осындай сәттерде ойлаймын: оның қолы, аяғы бар, тірі, жұмыс істеп, елге де, жақындарына да пайдасын тигізе алады. Тыйым салынған, қажеті жоқ істерге өмірін неге босқа құртады? Жақындарының жанында болып, бақытты өмір сүруге болады ғой, – дейді студент Вика Тимченко.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда полиция алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – жастар арасындағы қылмыстың алдын алу. Бұл ретте, ерікті, ақысыз әрі білікті түрде жүргізілетін алдын алу жұмыстары аса маңызды, әсіресе, нашақорлықпен байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу мен салауатты өмір салтының құндылығын қалыптастыруда.

Бүгінде облыс орталығында наркополицияға жастар ұйымдарынан құралған шамамен 300 ерікті көмек көрсетуде. Олармен бірге нашақорлық пен есірткі жарнамасының таралуын болдырмауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады. Еріктілер велошерулерге, флешмобтар мен интернет-дүкендердің мекенжайы жазылған наркограффитиді бояу бойынша челленджтерге қатысады.

Тек биылдың өзінде бірлескен күшпен 22 іс-шара өткізіліп, 300-ге жуық граффити жойылды.

Сондай-ақ, “закладка” жасаушылар, есірткі пайдаланушылар мен таратушылар, сондай-ақ есірткі сақталатын пәтерлер мен заңсыз айналым жүретін орындар туралы @dp_pavlodar, @upn_pavlodar Instagram парақшаларының директіне және Telegram-дағы «Көлеңкелі кейіпкер» ботына күн сайын хабарлама жолдайтын немқұрайлы емес павлодарлықтардың да көмегі зор. Әрбір сигнал жеке және кешенді түрде қаралады.

– Бүгінгі таңда нашақорлық – баршаға ортақ проблема, оны тек бірлесе отырып, бірігіп қана жеңуге болады, – деп түйіндеді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсеитов.

Акция соңында спикер азаматтарды балалар мен туыстарына мұқият болуға шақырды және егер сіз есірткі сату не қолдану фактісіне куә болсаңыз немесе ақпарат білсеңіз, 8 (7182) 39-10-38 сенім телефонына хабарласуыңызды сұрайды. Анонимдікке кепілдік беріледі.